Ол 2007 жылы «қосымша құн салығының төмендеуі, дербес табыс салығының бірыңғай деңгейін енгізу, Теңізшевройлдың 2003-2005 жылдардағы аванстық төлеміне байланысты түсімдердің азаюы 8 ай қорытындысы бойынша ЖІӨ-ге шаққандағы салық түсімдерінің қатынасының белгілі бір деңгейде төмендеуіне белгілі бір сипатта әсер етті», — деп атап көрсетті.
«Сондықтан, алдағы екі айдың ішінде түсімдерді күрт арттыру міндеті тұр. Ол, әсіресе, Астана қаласы, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарына қатысты болып отыр. Себебі, республиканың орташа көрсеткіші өсу қарқыны жөнінен 122 %-ды құраса да, ол жерлерде 120 пайыздан кем болды», — деп мәлімдеді ол.
Комитет басшысы, сондай-ақ, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдермен жұмыс жүргізу қажет. Сонымен қатар, Қосалқы құн салығы және корпоративтік табыс салығы бойынша бақылау нәтижелерімен тиімді әкімшілік ету керек деп санайды.
Нұрлан Рахметов, сондай-ақ, комитеттің аймақтық бөлімшелеріне тез арада 2-желтоқсанға дейін ірі салық төлеушілер басқармасымен және арнайы бөлімшеиен бірлесе отырып, былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы бюджетке түскен салық көлемі азайған ірі салық төлеушілермен жұмыс жүргізуді тапсырды. «Егер, бұл тенденция үстіміздегі жылдың аяғына дейін сақталатын болса, келесі жылы мұндай төмендеудің қандай негізде жасалғандығына қатысты осы салық төлеушілерге кешенді аудит жұмыстарын жүргізу керек», — деп сөзін аяқтады Нұрлан Рахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті