Мемлекеттің салық органдарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет - Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттің салық органдарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет - Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшысы

Мемлекеттің салық органдарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет - Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшысы

Астана. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттің салық органдарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің жиналысындағы сөзінде комитет төрағасы Нұрлан Рахметов хабарлады.

  • 9 Қараша 2007
  • 662
Фото - Caravan.kz

«Біз жақын арада қызмет сапасын арттыратын үлкен қадам жасауымыз қажет. Қызмет сапасы біздің жұмысымыздың ішіндегі ең осал сала», — деді Нұрлан Рахметов.

Ол Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің сауалнамасы бойынша Салық комитеті 34 мемлекеттік орган мен ұйымдардың ішінде әкімшілік кедергі жөнінен — 7-орынды, оның ішінде ыңғайлы күту орындарының жоқтығы бойынша — 3-орын (тұтынушылардың 45 пайызы осы жетіспеушілікті атаған); қайырымсыз қызметкер — 4-орын (35%); нашар ұйымдастырылған қызметкерлер — 4-орын (29%); үлкен кезек — 5-орын (69%) иеленіп отырғанын еске салып өтті.

Комитет басшысы алдарына «келесі әлеуметтік зерттеулердің көрсеткіштері салық органдарының жұмысын қоғамдық бағалаудың оң динамикасын көрсетуі керек» деген міндет қойды. «Осы зерттеуге сәйкес, егер, бүгін жұмыс сапасымен кәсіпкерлердің 41% мен халықтың 51% қанағаттанса, 2012 жылы бұл көрсеткіштер 90%-дан кем болмауы керек», — деп мәлімдеді Салық комитетінің басшысы.

Нұрлан Рахметов алдарына қойылған тапсырманы орындау үшін «біз кешенді шараларды іске асыруымыз қажет» екендігін атап көрсетті.

«Біз 2008 жылы 18 ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығын саламыз және жабдықтаймыз. Орталық қызметкерлерін оқытамыз, оларға бірыңғай киім үлгісін енгіземіз, орталықтарды салық қызметтерінің стандарттарына сай тегін арыз, буклет және кітапшалармен қамтамасыз етеміз, ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы қызметкерлерінің тәртіп ережесін, салық қызметтерінің сапасын мониторингтан өткізу ережесін жасап шығарамыз және оларды енгіземіз, электронды қызмет түрлерін ұлғайтамыз, терроризммен күрес органдарының құрылымына ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығын енгіземіз, облыстық салық органдарының құрылымында салық қызметінің сапасы деген бөлімдер құрамыз», — деп уәде берді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті