ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, 7 қарашада Таушық-Шетпе тас жолының 18 шақырымында «УАЗ-3962» және «Мицубиси» көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көлік жанып кетті.
«Мицубиси»автокөлігінде жүргізуші мен оның үш жолаушысы өртеніп кетті. Олардың аты-жөні анықталуда. «УАЗ-3962» көлігінде отырған жеті жасар қыз оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен 15 жасар бала ауруханаға жатқызылды.
«Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі апаттан 3 сағаттан кейін 7 адам мен 1 техниканың күшімен сөндірді», — деп түсіндіреді баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті