Баспасөз қызметі хабарлағанындай, клиент соматонаркологиялық бөлімінің бастығымен кездесіп, емделуге ниет білдірген. Алайда, бөлім бастығы, бос орын жоқ деп жауап берген, ал егер 25 мың теңгені алып келсе, онда диспансерде оған төсек-орын табылатынын айтқан.
Клиент болған жағдайды баяндау үшін қаржы полициясымен хабарласты. Сөйтіп «Облыстық наркологиялық диспансері» ҚМКК бөлім меңгерушісі 25 мың теңге пара алған сәтте полиция қызметкерлерінің құрығына ілікті.
ЭСЖҚКД баспасөз қызметі хабарлағанындай «қылмыстық іс ҚР ҚК 311 бабы бойынша қозғалды (бопсалау арқылы пара алу). Осыған қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті