Павлодар облысының Қашыр ауданының жаңа әкімі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысының Қашыр ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Павлодар облысының Қашыр ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Павлодар. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының Қашыр ауданының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қашыр ауданы мәслихатының келісімі бойынша, аймақ басшысы Қайрат Нұрпейісовтың қаулысымен Кабдулла Козкин ауданның жаңа әкімі болып тағайындалды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, К. Козкин 47 жаста, Павлодар облысының Железинск ауданында туып өскен, "инженер-механик" мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

  • 9 Қараша 2007
  • 555
Фото - Caravan.kz

Жаңа тағайындалған әкім өзінің еңбек қызметін «Память Кирова» совхозының трактор бригадирі қызметінен бастап, 1983 жылы комсомол және партия жұмыстарына ауысқан. 1994 жылдан 2004 жылға дейін Железинск ауданының кәсіпкерлер одағының вице-президенті лауазымында, одан кейін «Плодородие» МКК төрағасы, «Құнарлық» ЖШС директоры қызметтерін атқарып келген. Қашыр ауданының жаңа әкімінің соңғы жұмыс орны — Павлодар облысының Железинск ауданы әкімінің орынбасары болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті