Семейдің жол полицейлері жауған қар мен қатты көктайғаққа байланысты жолдардағы бақылауды күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің жол полицейлері жауған қар мен қатты көктайғаққа байланысты жолдардағы бақылауды күшейтті

Семейдің жол полицейлері жауған қар мен қатты көктайғаққа байланысты жолдардағы бақылауды күшейтті

Семей. 9-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейдің жол полицейлері қар мен қатты көктайғаққа байланысты жолдардағы бақылауды күшейтті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің Ішкі істер басқармасының жол полициясы бөлімі бастығының орынбасары Серікқали Жұманов хабарлады.

  • 9 Қараша 2007
  • 624
Фото - Caravan.kz

Бүгін Семейде қар жауып, кеше жауған жаңбыр мен күннің күрт суытуына байланысты (минус 10 градусқа дейін) қалада қатты көктайғақ орнаған. Осыған байланысты қала жолдарында көлік қозғалысы қиындап отыр. «Біз жол полицейлерін ең қауіпті учаскелерге қойып, жолдарды тазалаумен айналыстан қаланың барлық кәсіпорындарына қоңырау шалдық»,- деді С. Жұманов.

Қазіргі уақытта коммуналдық кәсіпорындар шұғыл түрде жолдар мен қала аралық тас жолдарға құм себумен айналысуда. «Қуанышқа орай, әзірге қалада үлкен көлік апаттары тіркелген жоқ»,- деп хабарлады С. Жұманов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті