Индустрия және сауда министрлігі Қазақстанда эндаументтер институтын енгізуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индустрия және сауда министрлігі Қазақстанда эндаументтер институтын енгізуді ұсынады

Индустрия және сауда министрлігі Қазақстанда эндаументтер институтын енгізуді ұсынады

Астана. 9 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі білім беру, мәдениет және медициналық ұйымдарды қаржыландыру үшін Қазақстанда қайырымдылық қаражаттарының есебінен толықтырылатын эндаументтер институтын енгізуді ұсынады. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов бүгін "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" атты халықаралық конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Қараша 2007
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Меценаттық пен демеушілік жасаудың өркениетті жағдайларын дамыту шаралары ретінде бізді эндоументтер деп аталатын арнаулы коммерциялық емес ұйымдар — инвестициялық қорларды құру жөніндегі халықаралық тәжірибе қызықтырды. Олардың пайдасына салық салынбайды және тек қайырымдылық мақсатта ғана пайдаланылады», — деді Ғ. Оразбақов.

«Қазақстандағы бірінші эндаументтерді біз ӘКК жанынан құруды ұсынып отырмыз, бірақ, біздің пікірімізше, ӘКК осы тектес жобаларды жүзеге асыруда көшбасшыға айнала алады және солай болуға тиіс те», — деді ол.

«Даму институттары қазір толық қуатында жұмысқа кіріседі және бізде осы қорларға аударатын қаржы мен ресурстар табылады деп және ондай жобаларды өңірлерде жүзеге асыруға болады деп сенеміз», — деді министр.

ҚР Индустрия және сауда министрлігінің таратқан баспасөз баянындағы түсініктемеге сәйкес, эндаументтің қарапайым қайырымдылық ұйымынан ерекшелігі іс-қызметінің қатаң мақсаттылығы мен инвестиция салу есебінен пайда табуды көздейтіндігінде. «Эндаумент ереже бойынша қандайбір бір ұйымды, мысалы, белгілі бір университетті қолдау үшін құрылады», -деп нақтыланған құжатта.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті