Павлодар облысында 2007 жылдың қазан айының басында ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 17,6 млрд тенгеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында  2007 жылдың қазан айының басында ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 17,6 млрд тенгеге жетті

Павлодар облысында 2007 жылдың қазан айының басында ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 17,6 млрд тенгеге жетті

Павлодар. 9 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында 2007 жылдың қазан айының басында ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 17,6 млрд тенгеге жетті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Қараша 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz

Облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, үстіміздегі жылы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы ішкі өнім мөлшері 17,6 млрд тенгеге жетті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғында 2,5% есеге артық.

Аймақта төрт түлік малдың саны артып, қой мен ешкі 10 %, жылқы басы 2,9%, құс-1,1%, ал ірі қара мал 0,8% өсіп, 2007 жылдың 1 қазанында 400 мың басқа жетті.

Құжаттар бойынша, Павлодар облысы бойынша, сүт сауындысы өскен. Орта есеппен алғанда бір сиырдан сауылатын сүт 7 кг артты. Бұл 2006 жылға қарағанда 1998 кг көтерілген. Ең үздік көрсеткіштер Павлодар ауданының шаруашылықтарында тіркелген(3120кг)

Мал мен құстың тірі салмағы бойынша, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,4 % көтеріліп, 47 мың тоннадан асып жығылды. Ал шаруашылықтарда өндірілген сүт көлемі 284,6 мың, жұмыртқа 0,5 % артық деген деректерді облыстық статистикалық басқармасындағылар таратты.

Ведомство мамандары атап өткеніндей, Павлодар облысында еттің айтарлықтай көлемі (73%) шығарылады. Сүт (83%) үй-шаруашылықтарында өндіріліп, ауылда шағын кәсіпкерліктің барын айқындайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті