Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облыстық департаменті үстіміздегі жылы мемлекеттік құпияларды сақтау бойынша жедел іздестіру қызметінің барысында 25 мәрте мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялық режимінің жағдайына тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 286 мемлекеттік құпияларды сақтаудың нормативтік талаптарының бұзылуы, 10 құпия құжаттарды жоғалту оқиғасы анықталды», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, құпия құжаттармен жұмыс істеуге жіберілген 5 тұлға әкімшілік және 24 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Құпия құжаттармен жұмыс істеуге жіберілу рұқсатын алуға үміткерлерді тексеру нәтижесі бойынша 20 жағдайда ондай рұқсатты бермеуге шешім шығарылған. Құпия құжаттармен жұмыс тәртібін өрескел бұзғандығы үшін бір мемлекеттік қызметкерден бұрын берілген рұқсат қайтарып алынған.
Сонымен қатар, құпия режим талаптарын өрескел бұзғандығы үшін әкімдер мен орынбасарлар, оның ішінде кейбір облыс аудандарының әкімшілігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 386 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті