Бішкекте Қазақстан және Қырғызстанның сыртқы істер министрлер кеңесінің алғашқы отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Қазақстан және Қырғызстанның сыртқы істер министрлер кеңесінің алғашқы отырысы өтеді

Бішкекте Қазақстан және Қырғызстанның сыртқы істер министрлер кеңесінің алғашқы отырысы өтеді

Бішкек. 12-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бішкекте 12-13 қараша күндері Қазақстан Республикасының және Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрлерінің кеңесінің алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 12 Қараша 2007
  • 407
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Бішкек қаласына сапары барысында Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиевпен, премьер-министрдің міндетін атқарушы Алмазбек Атамбаевпен және Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Эднан Қарабаевпен кездесулері жоспарланған.

Э. Қарабаев пен М. Тәжин екі жақты ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, «саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда өзара ықпалдасу, сондай-ақ, 2006-2007 жылдары ең жоғарғы және жоғары деңгейлердегі ресми сапарлар қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы туралы мәселелерді» қарастырады деп күтілуде, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

«Министрлер кеңесі Қырғызстан Республикасының және Қазақстан Республикасының Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің ұйымдастырушы органы болып табылады. Ол үстіміздегі жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанға сапары барысында құрылған», — деп түсіндірді Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті