БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссары Қазақсанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссары Қазақсанға келеді

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комиссары Қазақсанға келеді

Астана. 12-қараша. "Қазақстан Бүгін" - 13-14 қараша күндері Біріккен ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі комиссар Антонио Гутьеррестің Қазақстанға алғашқы сапармен келеді, - деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 593
Фото - Caravan.kz

Сенбі күні Астанада өткен дәстүрлі брифинг барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлағандай, сапар «оның аймақтағы саяси-экономикалық жағдаймен танысу мақсатындағы Орта Азия елдеріне сапарларының аясында» болады.

Ілияс Омаровтың хабарлауынша, сапар барысында республика басшылығымен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланып отыр. «Болашақта Қазақстан Республикасының Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасымен ынтымақтастығының түрлерін және бағыттарын кеңейту көзделіп отыр», — деп атап көрсетті ол.

«Бұл сапарды Қазақстан жағы біздің еліміз бен Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасымен табысты ынтымақтастығын мойындау ретінде бағаланып отыр», — деп атап көрсетті Сыртқы істер министрлігінің өкілі. «Қазақстан БҰҰ-ның «Босқындар статусы туралы» конвенцияның қатысушысы ретінде 1998 жылдан бері өзінің міндеттемелерін қатаң сақтауда», — деді, сондай-ақ, Ілияс Омаров.

Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы БҰҰ Бас ассамблеясының 319 (IV) резолюциясымен 1949 жылдың 3-желтоқсанында құрылған болатын. Қазір БҰҰ-ның маманданған аталмыш агенттігі басқармасында 30 миллионнан астам адам жұмыс істейтін әлемдегі негізгі гуманитарлық ұйымдардың бірі болып табылады.

Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының өкілдігі Қазақстан Республикасында 1995 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр.