Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылға дейінгі энергияны үнемдеу концепциясы жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылға дейінгі энергияны үнемдеу концепциясы жасалды

Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылға дейінгі энергияны үнемдеу концепциясы жасалды

Семей. 12-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылға дейінгі энергияны үнемдеу концепциясы жасалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Қараша 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Ашығын айтайын, біз энергияны пайдалануда өте ысырапшылмыз. Сондықтан да, біз 2015 жылға дейінгі энергияны үнемдеу концепциясын жасап шығардық. Алдын-ала есептеулер бұл бағдарламаны жүзеге асырған жағдайда энергияны пайдалану 25-тен 30 пайызға дейін азаятынын көрсетіп отыр», — деп түсіндірді облыс әкімі.

«Менің айтайын дегенім, біз бүкіл дүниежүзі болып осыған қосылуымыз керек. Сондай-ақ, халық пен бизнесмендерге бұның қажеттілігін және мұны жасау керектігін түсіндіруге тиіспіз», — деп толықтырды Жәнібек Кәрібжанов.

Шығыс Қазақстан облысының әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс электр энергиясының 972 млн кВт/сағат көлемінде және электр қуатының 100 МВт көлемінде жетіспеушілігін көріп отыр.

Жетіспеушілікті жою үшін «жаңа қуат көздерін енгізу, балама энергия көздерін — кіші су электр стансаларын, Курчатов қаласында кіші қуаттылықтағы атом жылу электр станциясын салу, су қондырғыларын орнату жоспарланып отыр», — деді облыстық әкімшілік қызметкерлері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті