Сианьда Евразиялық экономикалық форум болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 476.07
  • 541.86
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сианьда Евразиялық экономикалық форум болып өтті

Сианьда Евразиялық экономикалық форум болып өтті

Астана. 12-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарашаның 8-9 күндері Сианьда (ҚХР) Евразиялық экономикалық форум болып өтті. Бұл туралы сенбі күні Астана қаласында өткен дәстүрлі брифинг барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлады.

  • 12 Қараша 2007
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Форумды Боао азиялық форумның қолдауымен және қатысуымен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) хатшылығы, ШЫҰ-ның іскерлік кеңесі, Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы, Евразиялық экономикалық қоғамдастық хатшылығы, Қытай даму банкі және Шэньси аймағының халықтық үкіметі ұйымдастырып отыр», — деп хабарлады Ілияс Омаров.

«Форум аясында энергетика, қаржы көздерін дамыту, аймақаралық ынтымақтастық және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды», — деді І. Омаров.

Форумға Қазақстан жағынан Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Тимур Нұрашев барған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті