Алматыда Орбита ықшамауданындағы 150 көп пәтерлі үйге көгілдір отын қайта жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Орбита ықшамауданындағы  150 көп пәтерлі үйге көгілдір отын қайта жіберілді

Алматыда Орбита ықшамауданындағы 150 көп пәтерлі үйге көгілдір отын қайта жіберілді

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда Орбита ықшамауданындағы 150 көп пәтерлі үйге көгілдір отын қайта жіберілді, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Қараша 2007
  • 345
Фото - Caravan.kz

«10 қарашадағы жағдаймен 23 сағатта апаттан қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, газ қамтамасыздығы қалпына келтірілді», — деп хабарлайды ТЖМ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10 қараша күні 13 сағат 25 минутта жер қазу жұмыстары кезінде газ құбыры жарылды. Апат салдарынан төрт бірдей «Орбита» ықшамаудандарында газ үзілді. Газ құбырын қалпына келтіру жұмыстарын апатқа кінәлі жақ — «Нефтетрансстрой и К» ЖШС өзіне жүктеп алды.

Апаттан қалпына келтіру жұмыстарына «04» апаттық қызметі мен «Нефтетрансстрой и К» ЖШС-нің 7 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті