Ауылшаруашылығы министрі агноөнеркәсіптік кешен субъектілеріне "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заң нормаларын сақтау қажеттігін ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауылшаруашылығы министрі агноөнеркәсіптік кешен  субъектілеріне "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заң нормаларын сақтау қажеттігін ескертті

Ауылшаруашылығы министрі агноөнеркәсіптік кешен субъектілеріне "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заң нормаларын сақтау қажеттігін ескертті

Астана. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін министрлікте өткен алқа мәжілісінде сөз сөйлеген Ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов агноөнеркәсіптік кешен субъектілеріне "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заң нормаларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 1282
Фото - Caravan.kz

«Заң 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Заңның аты- заң, агноөнеркәсіптік кешен субъектілері оны міндетті түрде орындауға тиіс», — деп мәлімдеді А.Есімов. «Сол себепті жергілікті жерлерде жаңа жылға дейін осы заң бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», — деді ол.

Министрдің пікірінше, «1 қаңтарға дейін әсіресе азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындармен аса ауқымды жұмыстарды тындыру керек, өйткені, заң күшіне енгеннен кейін заң бұзылса, онда олырдың жұмысы тоқтатылатын болады».

Осы орайда ол «аталған заңның Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне тығыз байланысты екенін, бұл заңды ұйымға мүше елдердің жіті қадағалағанын» еске салды.

«Бүгінде азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты мәселе бірінші орынға шықты. Азық-түлік өнімі қауіпсіз болуға тиіс. Халық сапалы , пайдалы әрі нәрлі тағаммен тамақтануға тиіс», — деді А.Есімов.

Министр бұған қоса «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» заңға бағынышты бірқатар актілердің дайындалып жатқанын, 2007-2009 жылдарда 20 техникалық регламент жасалатынын жеткізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң нормаларында отандық тауар өндірушілерге адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз әрі зиянсыз өнім өндіру талаптары қойылған. Заң азық-түлік өнімдеріне, оларды өндіру барысына, пайдалану, сақтау, тасымалдау, сату мен жоюға қатысты біртұтас ережелер қолдану принциптерін айқындайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті