«Мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау қызметіндегілер Қостанай, Рудный, Лисаковск, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарында балаларға қаупі бар 33 деректі байқамай қалған. Ал заң бұзушылық анықталғанда кәсіпкерлердің тек бірен-сараны ғана жауапкершілікке тартылған», — деді облыстық прокуратура коллегиясында облыс прокуроры Қорған Қамзабаев.
Техникалық реттеу және метрология комитеті басқармасының бас маманы Дәметер Егесінованың айтуынша, Қостанай басқармасы қызметкерлерінің жүргізген тексерулері нәтижесінде, «кейбір ойыншықтарда қауіпті қоспаларының бар екенін көрсеткен». Техникалық реттеу және метрология басқармасының қызметкерлері базар қоймасына 36 ойыншықты алып, оның жартысы қауіпсіздік талаптарынан өтпеген..
Мамандардың пікірінше, сатушының қолында қажетті сертификат болғанның өзінде, ойыншықтың 100% қауіпсіз екендігіне кепілдеме берілмейді. «Құжат нақты қай тауарға берілгенін іс жүзіңде дәлелдеу мүмкін емес. Сондықтан сатып алудан бұрын, оны жөндеп қарау керек «, — деді Д. Егесінова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті