Базарларда ветеринарлық қадағалау жүргізу деңгейі нашар - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Базарларда ветеринарлық қадағалау жүргізу деңгейі нашар - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

Базарларда ветеринарлық қадағалау жүргізу деңгейі нашар - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

Астана. 22-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Базарлар мен басқа нысандарда мемлекеттік ветеринарлық қадағалау жүргізу тиісті деңгейде емес. Бұл туралы бүгін, Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінің алқа отырысында сөз сөйлеген Ауылшаруашылық министрлігінің мал шаруашылығы және ветеринарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Рәбиға Тоқсейітова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 690
Фото - Caravan.kz

«Жүргізілген талдау мемлекеттік ветеринарлық қадағалау нысандарын идентификациялау жөніндегі мал дәрігерлік инспекторлардың жұмыстарының нашар екендіктерін көрсетіп отыр»,- деп мәлім етті Р. Тоқсейітова.

Ол, ветеринарлық саладағы заңға сәйкес «идентификациялауға базарлар, мал сою, сақтау, өнімдерді қайта өңдеу және сату, мал өнімдерін әзірлеу, өндіру жөніндегі ұйымдар жататындығын» еске сала кетті.

«Бірақ 2005 жылдан бері, Идентификациялау жүргізу ережесі бекітілгеннен бастап, бұл процедурадан небәрі 2768 нысан өткен, ал мысалы бүгінде тек ветеринарлық бақылау жүргізілуге тиіс нысандарда сауда істейтін базарлар санының өзі 800-ден асып жығылады. Ал, небәрі 427 идентификациялық код берілген»,- деді Р. Тоқсейітова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «республикадағы ауылшаруашылық құрылымдардың саны 200 мыңнан асып жығылады». Бірақ «идентификациялық код тек 725 нысанға ғана берілген».

«Сондай-ақ процедураның өзі жадағай сипатта жүргізіледі, себебі базарлардың, ауылдық округтердің мал дәрігерлік инспекторлары осы кодты алған нысандардың ветеринарлық ережені сақтауларын қадағалауға қатысты жұмыстарды жүргізбейді»,- деп атап көрсетті Р. Тоқсейітова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті