"Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы" нысаны бойынша ең үздік концессиялық жоба анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы" нысаны бойынша ең үздік концессиялық жоба анықталды

"Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы" нысаны бойынша ең үздік концессиялық жоба анықталды

Ақтау. 22-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылдың 20-тамызында жүргізілген "Ақтау халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы" жобасын жүзеге асыруға қатысты әлеуетті концессионерлердің арасында жүргізілген байқаудың нәтижесі бойынша "ATM Grup Uluslararasi Havalimani Yapim Yatirim ve Isletme Ltd.Sti." түрік компаниясының ең үздік концессиялық жобасы анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың аймаққа сапары барысында мәлім етілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 523
Фото - Caravan.kz

Қазіргі уақытта концессия келісімінің шарттарын нақтылау жөніндегі келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Белгілі бір нысандар концессионерге оны реконструкциялауға және жаңа нысандар салуға инвестиция салу мақсатында белгілі бір мерзімде уақытша пайдалануға беріледі. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін барлық нысандар мемлекеттің пайдалануына беріледі.

Бұрын хабарлағанымыздай, байқауды ұйымдастырушы облыстық әкімшілік болып табылады. Байқауға 5 компания қатысқан болатын. Атап айтқанда, «Каспийский камень» ЖШС, «Ақтау. Инфраструктура» ЖШС, «Алматы инвестмент Лтд.» ЖШС, «АТМ групп» және «Ортай» ЖШС. Әрбір компания өздерінің байқау құжаттамаларын ұсынған болатын.

«Концессия туралы» заң аясында өткізу мүмкіндігі сағатына 350 жалаушыны құрайтын жаңа жолаушылар терминалы бір жыл ішінде салынады. Жобаға сәйкес терминал құрылысына 20 млн АҚШ долларын жұмсау қарастырылған.

Сондай-ақ ұшу-қону алаңына да жаңалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. «Қазаэропроект» РМК Ақтау әуежайының ұшу-қону алаңын жаңалау жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеген. Құжаттамаға сәйкес бетондалған алаңның ұзындығы 3050 метрді, ені 60 метрді құрайтын болады (қазір ұзындығы 2650 метрді құрайды), бұл халықаралық стандарттың 1-ші санатына сай.

Сондай-ақ перрон 60 метрге дейін кеңейтіліп, жаңа рулеждік жол салынып, ұшақтардың қонуына арналған заманауи навигациялық және жарық дабылы бар құралдармен қайта жабдықтау жүргізілетін болады. Жаңалау жұмыстарына 35 — 40 млн АҚШ доллары жұмсалмақ.

Әуежай басшылығының пайымдауынша, халықаралық аэровокзал салу және аэродромды жаңалау әуежайдың инфрақұрылымын халықаралық стандарттардың талаптарына жеткізіп, авиациялық қауіпсіздіктің жоғарғы деңгейі мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ, аймақтың инвестициялық тұрғыдан тартымды болуына, кәсіпкерлердің іс-қызметтерін пәрмендендіруге, жұмыс орындарын құруға, салық салымдарының базасын кеңейту есебінен аймақ бюджетінің кірісін өсіруге мүмкіндік береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті