Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен аудан әкімі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен аудан әкімі ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен аудан әкімі ұсталды

Шымкент. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының қызметкерлері пара алды деген күдікпен аудан әкімін ұстады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің бөлім бастығы Серік Өтембаев хабарлады.

  • 22 Қараша 2007
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Кеше кешке бір ауданның әкімі өзінің жұмыс бөлмесінде муниципалдық баспана бөлу үшін 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте ұсталды», -деді С. Өтембаев.

С. Өтембаев бірақ дәл қай ауданның әкімі ұсталғанын нақты хабарлаған жоқ. Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғалғанға дейін мұндай мәліметтер жария етілмейді. «Әзірге тек дәлелдерді растау үшін тергеу амалдары жүргізілуде» , — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті