Қостанайдың орманшылары бұрын өртеніп, қара күйеге айналған орманды өңдеуге рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдың орманшылары бұрын өртеніп, қара күйеге айналған орманды өңдеуге рұқсат берді

Қостанайдың орманшылары бұрын өртеніп, қара күйеге айналған орманды өңдеуге рұқсат берді

Қостанай. 22-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайдың орманшылары Арақарағай орман шаруашылығындағы бұрын өртеніп, қара күйеге айналған орманды өңдеуге рұқсат берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қостанай облысының орман және аң аулау шаруашылығы комитетіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Қараша 2007
  • 469
Фото - Caravan.kz

Шешім үстіміздегі жылдың тамыз айының аяғы мен қыркүйектің басында шыққан өрт салдарын жою үшін қабылданған. Тілсіз жаудың салдарынан облыстың орман шаруашылығы үлкен шығынға ұшырап отыр.

«Өрттен қатты зардап шекпеген ағаштарды кесу арқылы оның (орман шаруашылығының шығынын — агенттік тілшісі) жартылай орнын толтыруға болады»,- деп хабарлады облыстық табиғат ресурстары департаментінің директоры Юрий Герасимов.

Оның айтуынша, «өртенген аумақтағы ағаштардың жалпы көлемі 700 мың текше метр деп бағалануда. Комитет әзірге 8 мыңына рұқсат беріп отыр. Болмағанда ең құндысын аман алып қалу керек».

Ағаштарды кесу және қайта өңдеу Арақарағай мемлекеттік басқармасына тапсырылған. Ағаштар құрылысқа пайдаланылады, деп хабарлады комитеттегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті