Актөбеде жасанды құжаттармен машинистердің көмекшісі болып жұмыс істегендерге қатысты айыптау үкімі шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Актөбеде жасанды құжаттармен машинистердің көмекшісі болып жұмыс істегендерге қатысты айыптау  үкімі шығарылды

Актөбеде жасанды құжаттармен машинистердің көмекшісі болып жұмыс істегендерге қатысты айыптау үкімі шығарылды

Актөбе. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында біраз уақыттан бері жасанды құжаттармен машинистердің көмекшісі болып жұмыс істеген 46 адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Бұл туралы бүгін агенттік тілшісіне Батыс аймақтық көлік прокуратурасы прокурорының көмекшісі Дархан Төрежанов хабарлады.

  • 22 Қараша 2007
  • 735
Фото - Caravan.kz

«Прокуратураның тексерулері кезінде анықталған заң бұзушылықтары арасынан, «Локомотив» АҚ басшыларының теміржол көлік қызметкерлерін дайындайтын Ақтөбе білім-беру орталығын бітірген-міс 46 машинист көмекшісін жұмысқа қабылдағаны белгілі болды. Шын мәнінде бұл «түлектер» оқу орталығында бір күн де дәріс алмаған және құжаттар жасанды екені анықталды «, — деп хабарлады Д. Төрежанов.

Анықталған деректер бойынша, Батыс аймақтық көлік прокуратурасы ҚР ҚК 325 бабы бойынша, 4 қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ, қылмыстық істер көліктегі ішкі істер органдарымен де қозғалды.

«Істегі материалдар қаралғаннан кейін, оларды сот орындарына жібердік. Ақтөбе облысының Темір аудандық сотының үкімімен, 8 қылмыстық іс бойынша 8 адамға қатысты қылмыстық айып тағылды. Жеті адамға қатысты шығарылған үкім бойынша, олар 180-нен 240 сағаттық қоғамдық жұмыстарға тартылды, тағы да бір қылмыстық іс бойынша 54,9 мың теңге айыппұл салу туралы шешім шығарылды», — деді Д. Төрежанов.

Сондай-ақ, Қандыағаш эксплуатациялық локоматив директоры, Мақат эксплуатациялық депо директорының орынбасары, Мақат станциясы депосының мамандар іріктеу бөлімінің бастығы және сол депо локомотивтерінің аға қабылдаушысы қызмет орындарынан босатылды. Ал Ақтөбе эксплуатациялық локомотивтік депосының директоры мен Жем эксплуатациялық депо бөлімдерінің бірінің бастығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті