Қарағандыда жол апатынан екі адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жол апатынан екі адам мерт болды

Қарағандыда жол апатынан екі адам мерт болды

Қарағанды. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда жол апатынан екі адам мерт болды , деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

  • 22 Қараша 2007
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Апат 6 сағат 08 минутта болған. «Ауди» автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, автопарктен қаланың орталығына қарай бет алған жолаушылар тасымалдайтын автобуспен соқтығысқан. Жолаушылар автобусының жүргізушісі көлікті айналып өтуге тырысқанымен, апаттың алдын алу мүмкін болмады. Алдын-ала жорамалға сәйкес, автокөлік жүргізушісі тізгінде отырып қалғып кеткен», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Ауди» көлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы оқыс оқиға орнында жедел жәрдем көлігі келгенше қайтыс болды. Автобустың жолсерігі мен жүргізушісі түрлі дәрежедегі жарақаттармен облыстық медициналық орталыққа жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті