Байқоңырдағы РФ азаматтары алғаш рет Плесецк ғарыш айлағында әскери борышын өтейді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдағы РФ  азаматтары алғаш рет Плесецк ғарыш айлағында әскери борышын өтейді

Байқоңырдағы РФ азаматтары алғаш рет Плесецк ғарыш айлағында әскери борышын өтейді

Байқоңыр. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан Плесецк ғарыш айлағына алғаш рет әскерге шақырылғандардың бірінші тобы жөнелтілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 501
Фото - Caravan.kz

Бұл Байқоңырдан Плесецкіге жіберілген алғашқы әскерге шақырылғандар. Бұған дейін Байқоңырдың жігіттері Мәскеудің түбінде орналасқан Ресейдің ғарыштың әскери бөлімшелерінде әскери қызметтерін атқарған.

Әскерге шақырылған алты ресейлік азаматтың, Плесецк ғарыш айлағында әскери борышын абыроймен орындап қайту тілектерімен, оларды қала әкімдігінің басшысы Александр Мезенцев, Байқоңыр ғарыш айлағының басшысы Олег Майданович, Жарымбет мешетінің имамы мен Георгий Победоносец шіркеуінің дін қызметшілері мен ата -аналары шығарып салды.

А. Мезенцевтің атап өткеніндей, Байқоңыр басшылығы Плесецк басшылары алдында, әскерге шақырылғандардың ғарыштық әскер қатарында әскери борышын орындау барысында, техникалық білім алу мүмкіндіктерін пайдалануына қолғабыс жасауды сұрайды.

«РФ әскери қызмет туралы» заңы бойынша, қазіргі кезде әскерге шақырылғандар бір жарым жыл бойы қызмет атқарады, ал келесі жылы шақырылғандар Плесецкіде бір жыл борышын өтейтін болады.

Байқоңырда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметін Казақстан аумағындағы әскери бөлімшелерінде атқарады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті