Алматыдағы көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді

Алматыдағы көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді

Алматы. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы көлік апатының салдарынан бір адам қайтыс болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қалалық "Құтқару қызметінің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 23 Қараша 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 22-қарашада 18сағат 08 минутта Түркісіб ауданында төрт жеңіл көлік соғылған.

«Көлік апатының салдарынан үш адам қала және облыс ауруханаларына жеткізілді»,- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Көліктердің біріндегі жолаушы әйел жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті