Нью-Йорк марафонында Қазақстаннан жалғыз спортшы қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нью-Йорк марафонында Қазақстаннан жалғыз спортшы қатысты

Нью-Йорк марафонында Қазақстаннан жалғыз спортшы қатысты

Астана. 23-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның жалғыз өкілі 70 жастағы спортшы Софья Сұлтанова халықаралық Нью-Йорк марафонына қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Қараша 2007
  • 526
Фото - Caravan.kz

С. Сұлтанова 42 шақырымдық қашықтықты 5 сағат 4 минутта жүгіріп өтті.

Егде тартқан әйел беделді халықаралық жарысқа екінші жыл қатарынан қатысып отыр. Бұл жолы, Софья Сұлтанованың өзі хабарлағандай, ол өз нәтижесін 21 секундқа жақсартқан.

Алайда С. Сұлтанова мұнымен тоқтап қалмақ емес. Келер жылы қаңтар айының ортасында ол Санкт-Петербург қаласында осы қашықтыққа тағы шықпақ. Онда «Өмір жолы» марафонына қатысуға ниет білдіріп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті