Шығыс Қазақстан облысында 8-желтоқсанда Шар - Өскемен темір жол тармағы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 8-желтоқсанда  Шар - Өскемен темір жол тармағы ашылады

Шығыс Қазақстан облысында 8-желтоқсанда Шар - Өскемен темір жол тармағы ашылады

Семей. 5 желтоқсан."Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 8-желтоқсанда Шар - Өскемен темір жол тармағы ашылады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігіндегілер құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 861
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шараны «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның еншілес компаниясы — «Досжан темір жолы (ДТЖ)»АҚ өткізеді.

«Жолды түйістіру рәсіміне ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының бірінші басшылары қатысады», -деп хабарлайды әкімдіктегілер.

Инвестициялық қордың мәліметінше, Шар станциясынан Өскеменге дейінгі темір жол желісін салу жұмыстарын концессионер-компания — «Досжан темір жолы (ДТЖ)»АҚ 2005 жылғы тамызда бастаған. Құрылыс жұмыстарының мерзімін қысқарту үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің қос бағытты әдісі қолданылып, жол Шар станциясы мен Өскеменнен екі жақтан бірдей қарама -қарсы бағытта жүргізілді.

Темір жолды салуға 50-ден астам мердігерлік ұйымдар қатысты. Арнаулы мамандандырылған жол төсеуші кәсіпорындар 153 шақырымнан астам бас темір жол мен 14 шақырым станциялық жолдарды төседі.

Құрылыс алаңдарында 70 жуық жер қазу кешендері (шамамен 600 ) жұмыс істеп, олар шамамен 4 млн текше метр жер қазу жұмыстарын жүргізді. Жер бедерінің күрделілігіне байланысты 1 млн текше метрден кем емес жару және бұрғылау жұмыстары қажет етілді.

Сондай-ақ, Инвестициялық қордың мәліметінше, Шар-Өскемен темір жол желісінің мемлекеттік маңызы бар, ол ұлттық темір жол инфрақұрылымын дамыту басымдықтарының біріне жатады. Теміржолдың бұл бөлігі Рудный Алтайды Түркісіб транзиттік магистралімен қосып, Шығыс Қазақстаннан еліміздің өзге өңірлеріне республикаішілік теміржол желілерімен шығуға мүмкіндік береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті