ШҚО фермерлері ауыл шаруашылық кластерін құруда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО фермерлері ауыл шаруашылық кластерін құруда

ШҚО фермерлері ауыл шаруашылық кластерін құруда

Өскемен. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстанның фермерлері асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытып, ет-сүт өнімдерін шығаруға арналған ауыл шаруашылық кластерін құруды қолға алды. Бұл туралы бүгін агенттік тілшісіне облыстық ауыл шаруашылық департаментінде хабарлады.

  • 5 Желтоқсан 2007
  • 646
Фото - Caravan.kz

Ұлан ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы Амангелді Серғазыұлының агенттік тілшісіне түсіндіргеніндей, «ауыл шаруашылық кластері ауыл шаруашылығына қосымша дотацияны тартып, өнімнің бәсекелестігін арттырады. Бұл агроөндірістегі алдыңғы қатарлы жобалардың бірі».

А. Серғазыұлы атап өткеніндей, «Орташа және ірі шаруашылықтарға етке және асыл тұқымды мал төлдерін сатуға субсидия ретінде көмек берілуде. Биыл республикалық бюджеттен ауданда асыл тұқымды мал өсіруге 340 млн теңге бөлінді».

Департаменттің ақпараты бойынша, ШҚО Ұлан ауданында жаңа құрылымға 4 шағын шаруашылық кірді.»Кластер мүшелерінің әрқайсысында өзінінің бағыт-бағдары бар», — деді департаменттегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті