Қала әкімдігінің ақпары бойынша, өткен аптада қалалық ауыл шаруашылық комиссиясының отырысы өтіп, онда жер учаскелерін бөліп беру туралы арыздар қаралды.
«Екі үлкен жер учаскесі саяжай шаруашылығына бөлінді. Бұл Қара өзен маңындағы 11 га жер ( 86 жер учаскесі үшін) және қала маңындағы Тасқала ауылының жанынан 30 га жер бөлінді ( 260 саяжай үшін)», — деп хабарлады әкімдіктегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті