Әкім атап өткеніндей, «аудандардың хал ахуалымен танысып қайтқанымда, онда фельдшерлік пункттерде, ауруханаларда бірқатар ескерілмеген жайттардың барын анықтадым». «Көптеген аудандарда дәрігерлер жетіспейді. Денсаулық сақтау саласында шешілмеген мәселелер шаш етектен, сондықтан мен денсаулық сақтау департаментінің бастығын қызметінен босатуға мәжбүр болдым «, — деді Б. Ізмұхамбетов.
«Сонымен қатар, облыстық ауруханаға барғанымда, ондағы қызметтің қаншалықты дұрыс қойылғанын байқап, аурухананың бас дәрігерінің жұмысына қанағаттандым. Сондықтан оны денсаулық сақтау департаментінің бастығы етіп тағайындадым «,- деп түсіндірді Б. Ізмұхамбетов.
«Құрылыс департаментіне айтар сөз көп. Республикалық бюджеттен соншалықты еңбекпен алынған қаржы игерілмей қалған. Оны қалай түсінуге болады? Ал құрылыста шешілмей, қаржыны талап ететін мәселелер шаш етектен болғанда, біз ол қаржыны қайтадан қайтаруға мәжбүрміз «, — деп мәлімдеді облыс әкімі.
Құрылыс департаментінің бастығы да қызметінен босатылды. «Бұл жолаушы көлігі және көлік жолы департаментіне де қатысты «, — деп атап өтті облыс басшысы.
Б. Ізмұхамбетов Тасқала ауданы әкімінің жұмысына қанағаттанды. Ол айтқанындай,»Ол бұл ауданға қиын-қыстау кезінде келіп, біраз еңбегін сіңірді. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан мен оны Бөрілі ауданының әкімі қызметіне тағайындадым. Ал бұл ауданның бұрынғы әкіміне жолаушы көлігі және көлік жолдары департаменті директорының қызметін ұсындым».
«Осы жылдың қорытындысы мен алдағы жылдың басында басқа басшылардың қызметіне баға беретін боламыз», — деді БҚО әкімі. Сондай-ақ, ол атап өткеніндей,»ол жұртшылық арасында алаңдаушылық туғызып, мамандарды жиі ауыстыра беруге құлықты емес».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті