2008 - 2010 жылдарға арналған Ювеналдық әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы үкіметке 2008 жылдың басында енгізіледі - Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 - 2010 жылдарға арналған Ювеналдық әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы үкіметке 2008 жылдың басында енгізіледі - Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

2008 - 2010 жылдарға арналған Ювеналдық әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы үкіметке 2008 жылдың басында енгізіледі - Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Астана. 5-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 - 2010 жылдарға арналған Ювеналдық әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы үкімет қарауына 2008 жылдың басында ұсынылады. Бұл туралы бүгін үкімет жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі мекемеаралық комиссия отырысының барысында Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасының орынбасары Айдын Дүйсекеев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 772
Фото - Caravan.kz

«Мүдделі органдармен келіскеннен кейін Әділет министрлігі аталмыш жобаны үкімет қарауына келесі жылдың басында енгізуді жоспарлап отыр»,- деді Айдын Дүйсекеев.

Ол Қазақстанда нәтижесі табысты деп танылған ювеналдық әділет жүйесін енгізу жөніндегі пилотты жобаның жүзеге асырылғандығын еске сала кетті. Пилоттық жобаны жүзеге асыру қорытындысы бойынша «үйлестіру кеңесі мен жұмыс тобы» құрылған болатын. Олардың жұмыс нәтижелері Қазақстан Республикасында 2008 — 2010 жылдарға арналған Ювеналдық әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеу болып табылады.

«Әділет министрлігі аталмыш тұжырымдаманың жобасын қарашаның аяғында үкіметке ұсынған болатын. Үкімет мүдделі мемлекеттік органдарға жобаны үкіметке заңмен бекітілген тәртіп бойынша енгізуді тапсырған»,- деп атап өтті А. Дүйсекеев.

Сондай-ақ, оның пайымдауынша, «қылмыстық-атқару жүйесінде ювеналдық әділет жүйесін жүзеге асыру үшін қылмыстық-атқару жүйесінің штаттағы қызметкерлерінің санын 361-ден 1183 бірлікке өсіре отырып, олардың жүктеме нормаларын сәйкестендіру керек, сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін 426 маманнан тұратын қосымша штат қарастыру қажет».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті