Жаңаөзенде 3 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген екі жасөспірім газдың жарылысынан зардап шекті - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзенде  3 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген екі  жасөспірім  газдың жарылысынан зардап шекті  - ТЖМ

Жаңаөзенде 3 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген екі жасөспірім газдың жарылысынан зардап шекті - ТЖМ

Астана. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жаңаөзенде 3 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген екі жасөспірім газдың жарылысынан зардап шекті, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 желтоқсанда 22 сағат 56 минутта Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тұрмыстық газ баллонын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан газдыауалы қоспа жарылып, оның арты 6 шаршы метр аумақты шарпыған өртке ұласты.

«Өрт салдарынан 3 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген екі жасөспірім зардап шегіп, түрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды мекеме.

Өртті ҚР ТЖМ-нің өрт сөндірушілері келгенше жергілікті тұрғындар сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті