Назарбаев профессор Скотпен Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев профессор Скотпен Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерін талқылады

Назарбаев профессор Скотпен Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерін талқылады

Астана. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Астанада Қазақстан Республикасы үкіметінің әкімшілік реформалар жөніндегі кеңесшісі профессор Грэм Скотты қабылдады. Президент пен кеңесші республикадағы мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 542
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесу барысында Грэм Скотт Нұрсұлтан Назарбаевты әкімшілік реформа жүргізудің техникалық жағы туралы хабардар етті. Тараптар сондай-ақ, қорытынды нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін құру мәселесін талқылады.

«Қазақстан әкімшілік реформалардың бастапқы кезеңінде министрліктер 3 жылға стратегиялық жоспарды бекітеді. Онда министрлік жұмысының нәтижелік индикаторлары белгіленетін болады. Бұл индикаторларға осы мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары да тәуелді болмақ», — деп мәлімдеді Г. Скотт кездесуден кейінгі брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті