«Кәмелеттік жасқа толмағандарды барлық алалау, денелей және психикалық жәбір көрсету оқиғаларынан қорғауды күшейту қажет. Мұндай жағдай орын алса, оларды ерекше жариялап, арнайы тізімге енгізу керек», — деді А. Кравченко.
Оның пайымдауынша, «кәмелеттік жасқа толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсау немесе соған ұмтылу фактілерінің барлығының тиісті мекемеаралық тіркеуін енгізу керек». Сондай-ақ, «жасөспірімдердің денелей, сезімдік және әлеуметтік титықтау белгілері мен симптомдарын анықтауға бағытталған ата-аналар мен педогогтарды оқыту ісін қолға алу керек», — деді департамент бастығы.
Сонымен қатар, Бас прокуратура «жасөспірімдер мен кәмелеттік жасқа толмағандарға психологиялық көмек беру орталықтарын ұйымдастыру қажет деп санайды. Онда аты-жөнін тіркемейтін қызметті және сенім телефонын орнатқан жөн». Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі психологтар қызметінің нәтижелілігін бақылауды күшейткен дұрыс.
А. Кравченко, Бас прокуратура «Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау» деген тақырыпта жүргізген сараптамасын еске салды. Онда «2005-2007 жылдар аралығында кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған өзіне-өзі қол жұмсау деректері және соған ұмтылыстар» жинақталып көрсетілген.
Аталмыш сараптама республикамызда балалардың өзіне-өзі қол жұмсау санының артып келе жатқанын көрсетіп отыр. А. Кравченконың мәліметтеріне сүйенсек, аталмыш уақыт аралығында жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсаудың 750 дерегі мен 1146 талпыну оқиғалары болған. Өз-өзіне қол жұмсағысы келген балалардың орташа жас мөлшері 14 пен 17 жас аралығында.
«Өзіне-өзі қол жұмсауға әсер еткен себептердің сараптамасы, көбінесе, заңға байланысты туындаған кикілжің, қылмыстық жауапкершілік алдындағы қорқыныш, қандай да бір іс жасағаны үшін ата-ана алдындағы қорқыныш, мектепте жасаған ісі үшін қорқыныш осы іске итермелегенін көрсетіп берді», — деп атап көрсетті А. Кравченко.
Оның айтуынша, балалардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау дерегі туралы мемлекеттік органдардың мәліметтері «көбінде бір-біріне қарама-қайшы және толық емес. Жоғарыдағы деректер бойынша бірлескен статистика республикада әзірге жоқ».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті