Батыс Қазақстан облысының әкімі аймақтың азық-түлік проблемасын шешуге ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысының әкімі аймақтың азық-түлік проблемасын шешуге ниетті

Батыс Қазақстан облысының әкімі аймақтың азық-түлік проблемасын шешуге ниетті

Орал. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов аймақтың азық-түлік проблемасын алдағы жылдары шешу ниетінде. Бұл туралы кеше баспасөз мәслихатында әкімнің өзі хабарлады.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 680
Фото - Caravan.kz

«Азық-түлік бағдарламасына келсек, қазір тұрақтандыру қоры құрылды, 24,5 мың тонна астық резервке сақталды. Бұл келер жылдың астық түсіміне дейін бағаны реттеу үшін жеткілікті», — деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Ол сондай-ақ, «қазір облыс бірінші сортағы нан бағасы бойынша (38-40 теңге) Ақтөбе облысынан кейін келеді», — деп хабарлады.

Әкім: «қазір өсімдік майын алу, күнбағысты және рапс өсіруді арттыру бойынша саланың даму мәселесі қарастырылу үстінде».

«Қаланы сүтпен қамтамасыз ету мәселесі жеке қаралуда. Ет өндіру мәселесін де дербес талқылайтын боламыз. Бұл бірінші кезекте аудан орталықтарына қатысты», — деді облыс әкімі.

«Сондай-ақ, мен ауылшаруашылығының жауапты қызметкерлеріне картоп пен пияз өсіруді ұлғайту мәселесін қарастыруды тапсырдым. Пиязды осы жерде өсіру мүмкін болса, оны тасып қажеті қанша?», — деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Қорытындылай келе, әкім халықтың өмірін жақсарту, экономиканы көтеру, шағын және орта бизнесті дамыту үшін ненің қажет екендігін білу мақсатында облыспен жақынырақ танысқысы келетіндігін жеткізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті