Астанада үкімет, "Қазына"ТДҚ, ҚИК АҚ және екінші деңгейдегі банктер арасында серіктестік жөнінде келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада үкімет, "Қазына"ТДҚ,  ҚИК АҚ  және екінші деңгейдегі банктер арасында серіктестік  жөнінде келісімге қол   қойылды

Астанада үкімет, "Қазына"ТДҚ, ҚИК АҚ және екінші деңгейдегі банктер арасында серіктестік жөнінде келісімге қол қойылды

Астана. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада үкіметтің атынан ҚР қаржы министрлігі мен Астана әкімдігі, "Қазына" ТДҚ, "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ және екінші деңгейдегі банктер арасында серіктестік жөнінде келісімге қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Қазына» ТДҚ баспасөз қызметі хабарлағанындай, «Бірінші кезекте тұрған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды орындау аясында келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, бұл жоспар республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің екі жақты іс қимылдарын белгілейді».

Келісімге ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов, «Қазына» қоры басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов, экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бахыт Сұлтанов, «ҚИК»АҚ басқарма төрағасы Азамат Ибадуллаев, индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбаков, Астана әкімі Асқар Мамин қол қойды.
«Қазына» АҚ баспасөз қызметі хабарлағанындай, аталған келісім бойынша серіктес-банктер қатарында «БТА Банк»АҚ, «Қазкоммерцбанк»АҚ , «АльянсБанк» АҚ, «»Каспийский» банкі»АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Темірбанк»АҚ, «Цеснабанк»АҚ және «ЦентрКредит» банкі» АҚ бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті