Бюджеттен бөлінетін қаржы үкіметпен әріптес банктерге осы аптаның аяғы мен келесі аптаның басында түседі -Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджеттен  бөлінетін қаржы үкіметпен әріптес банктерге осы аптаның аяғы мен келесі аптаның басында түседі -Келімбетов

Бюджеттен бөлінетін қаржы үкіметпен әріптес банктерге осы аптаның аяғы мен келесі аптаның басында түседі -Келімбетов

Астана. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үлеспен салынатын құрылыс пен шағын және орта бизнес субьектілерін дамыту үшін бюджеттен бөлінетін қаржы үкіметпен әріптес банктерге осы аптаның аяғы мен келесі аптаның басында түседі. Бұл туралы бүгін "Қазына Тұрақты даму қоры" АҚ, "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" АҚ мен екінші деңгейлі банктер арасындағы әріптестік туралы келісімге қол қойылғаннан кейін "Қазына Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Біз бүгін негізгі келісімге қол қойдық, екінші деңгейлі банктермен депозиттік келісімдер де бүгін жасалады, яғни, үлеспен салынатын құрылысты аяқтау, инвестициялық өнеркәсіптік нысандарды қаржыландыру мен шағын және орта бизнесті қолдау мақсаттарына бөлінетін қаржы осы аптаның аяғы мен келесі аптаның басында аталған келісімге қол қойған барлық банктерге аударылады», — деді Қ. Келімбетов.

«Банктердің құрылысты қаржыландыру мен шағын және орта бизнесті несиелендіру жұмыстары осы сәттен басталады», — деді ол. «Яғни, келесі аптадан бастап қаржы «Қазынада» емес, келісімге қатысушы банктерде болады, ал осы аптада ақша «Қазынаның» иелігіне түсті», — деді Қ. Келімбетов.

Қ. Келімбетов мемлекет басшысының «Астанадағы тұрғын үй нысандарының құрылысын аяқтауға фонд құру, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, индустриялық және инфрақұрылымдық нысандарды қайта қаржыландыруға $4 млрд бөлу жөнінде шешім қабылдағанын еске салды. «Осы жылдың аяғына дейін бұл мақсатқа $1 млрд көлемінде қаржы бөлінеді, бұл қаржы барлық бағыттар бойынша мынадай арақатынаста бөлінеді: $400 млн Астанадағы құрылыс нысандарын аяқтауға, $400 млн -шағын және орта бизнесті қолдауға, $200 млн -индустриялық нысандарды қайта қаржыландыруға бағытталады», — деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті