Шығыс Қазақстан облысында Белоусовский кенішінде болған өрт салдарынан 24 кенші эвакуацияланды - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында Белоусовский кенішінде болған өрт салдарынан 24 кенші эвакуацияланды - ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында Белоусовский кенішінде болған өрт салдарынан 24 кенші эвакуацияланды - ТЖМ

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында Белоусовский кенішінде болған өрт салдарынан 24 кенші эвакуацияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 439
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, «Қазақмыс корпорациясы»ЖШС-нің Белоусовский кенішіндегі «Востокцветмет» филиалында 23 желтоқсанда 03 сағат 55 минутта кен орнының шатырындағы бекіткіш ағаш жанды.

«Адамдар жұмыс орындарынан түтін тұмшалап, айнала мүлдем көрінбей қалған жағдайда іздеп, табылып, сыртқа шығарылды. Барлығы 24 кенші сыртқа шығарылды», — деп түсіндіреді мекемедегілер.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өрт 23 желтоқсанда 09 сағат 15 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің 46 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті