ҚР үкіметі 2011 жылғы Азиадаға арналған спорттық нысандарды салуда инвесторларға салықтық жеңілдіктер жасау мүмкіндігін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі 2011 жылғы Азиадаға арналған спорттық нысандарды салуда инвесторларға салықтық жеңілдіктер жасау мүмкіндігін қарастыруда

ҚР үкіметі 2011 жылғы Азиадаға арналған спорттық нысандарды салуда инвесторларға салықтық жеңілдіктер жасау мүмкіндігін қарастыруда

Астана. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының үкіметі 2011 жылғы Азия ойындарына арналған спорттық нысандарды салған кезде инвесторларға салықтық жеңілдіктер жасау мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 529
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 24-желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен 2011 жылғы VII Азия ойындарын Астана және Алматы қалаларында өткізу және оған дайындық бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. «Отырыс барысында ұйымдастыру комитетінің мүшелері Астана және Алматы қалаларында жер учаскелерін бөлу мәселесі, сондай-ақ, қалалардың спорттық нысандарды салу және инфрақұрылымын құру ісін жүзеге асыру үшін инвестиция тарту бойынша қажетті шаралары, ықтимал инвесторларға салықтық жеңілдіктер қарастыру мүмкіндіктері талқыланды», — деп көрсетілген дүйсенбі күні таратылған үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Азия Олимпиадалық кеңесінің 2011 жылғы VII Азия ойындарын Астана және Алматы қалаларында өткізу туралы шешіміне байланысты ұйымдастыру комитетінің мүшелері 2011 жылғы Азия ойындарының аталымының жаңа редакциясын қабылдау, Қазақстан Республикасы үкіметінің және Туризм және спорт министрлігінің жанынан VII Азия ойындарының ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясын құру мәселелерін талқылады.

«Премьер-министр ұйымдастыру комитеті мүшелерінің ұсыныстарын жалпы алғанда қолдады», — деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті