Семейде аязға байланысты түнде қаладан шығатын жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде аязға байланысты түнде қаладан шығатын жолдар жабылды

Семейде аязға байланысты түнде қаладан шығатын жолдар жабылды

Семей. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде аязға байланысты түнде қаладан шығатын жолдар жабылды . Бұл туралы агенттік тілшісіне Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының кезекші бөлімінен хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 336
Фото - Caravan.kz

«10 қаңтар күні кешке қарай ауаның температурасы күрт төмендей бастады. Осыған байланысты 16 сағат 30 минуттан бастап қаладан жолаушылар тасымалдайтын автобустарды, ал 22 сағаттан бастап халықаралық трасса барлық көлік түрлері үшін жаппай жабылды», -деп түсіндіреді кезекші бөлімдегілер.

Бүгін, 11 қаңтарда сағат 8-де трассалар ашылды және қалааралық бағыттардағы қозғалыс қайта жанданды.

11 қаңтардағы жағдаймен сағат 08-де ауа температурасы Семейде минус 30 градус болды. «Аязға байланысты мектептерде 1- 11 сыныптарда, яғни барлық оқушылар үшін сабақ тоқтатылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Қазір қаладағы жағдай тыныш, барлық қызметтер қалыпты тәртіпте жұмыс істеуде. Алаңдауға себеп жоқ», — деп сендіреді басқармадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті