Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында тәртіп сақшылары судьяға пара бергені үшін ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында тәртіп сақшылары судьяға пара бергені үшін ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында тәртіп сақшылары судьяға пара бергені үшін ұсталды

Шымкент. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында анықтау бөлімінің бастығы мен анықтаушы судьяға пара бергені үшін ұсталды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті төрағасының орынбасары Данияр Исаев хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Бір АІІБ-ның анықтау бөлімінің бастығы мен оның қарамағындағы бір қызметкер қылмыстық іс бойынша оң шешім шығарту үшін судьяға бір қой түрінде пара бергені үшін ұсталды», — деді Д. Исаев.

Қаржы полициясы департаменті төрағасының орынбасарының айтуынша, тәртіп сақшылары аудандық сотқа бір ұрлыққа қатысты істі тапсырған. Тергеу заң бұзушылықтармен жүргізіліп, тергеу базасы әлсіз болған, айыпкердің ақталу мүмкіндігі бар еді: мұндай жағдайда анықтаушының басына қара бұлт төнуге тиіс-ті. Сөйтіп анықтаушы өзінің бастығына жүгініп, екеуі судьяға оң шешім қабылдату үшін қой беруге шешеді.

«Қойды олар судьяның үйіне алып келеді. Үйдің иесі үйінде емес, жұмыста болған. Тәртіп сақшылары оның туыстарына хат қалдырып, қойды кімнің не үшін бергенін жазып кеткен», — дейді Д. Исаев.

Судья бұдан кейін қаржы полициясына хабар беріп, анықтаушыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 312 бабы бойынша пара беру жөнінде қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті