"Экономикалық зерттеулер институты" үкіметтің 2008 жылы инфляцияны 10 %-дан асырмау туралы жоспарын іске асуы мүмкін жоспар деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Экономикалық зерттеулер институты" үкіметтің 2008 жылы инфляцияны 10 %-дан асырмау туралы жоспарын іске асуы мүмкін жоспар деп санайды

"Экономикалық зерттеулер институты" үкіметтің 2008 жылы инфляцияны 10 %-дан асырмау туралы жоспарын іске асуы мүмкін жоспар деп санайды

Астана. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ үкіметтің 2008 жылы инфляцияны 10 %-дан асырмау туралы жоспарын орындалуы мүмкін жоспар деп санайды. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ қаржылық және экономикалық сілкіністерді бастапқы сатысында анықтау орталығының директоры Тимур Тәңірқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Үкімет қазір қолданып жатқан шараларды ескере отырып, биылғы 10 пайыздық инфляция шындыққа жанасады», — деп атап көрсетті Т. Тәңірқұлов.

«Біз сондай-ақ, үстіміздегі жылғы ЖІӨ-нің өсу көрсеткішін де есептедік. Оның 5-7 пайыздық өсуі де орындалады деген ойдамыз», — деп толықтырды ол.

Орталық директоры «Экономикалық зерттеулер институты» Қазақстанның сыртқы қарызын республиканы аса толғандыратын мәселе ретінде қарастырмайтынын жеткізді. «Бізде сыртқы қарыз бен ЖІӨ арасындағы қатынас көрсеткіші сондай жоғары емес. Біз бұған талдау жасағанбыз. Тіпті Еуропа елдерінің өзінде мұндай қатынас көрсеткіші Қазақстаннан жоғары елдер бар. Сондықтан, бұл республика үшін соншалықты проблема болып табылмайды», — деді осыған байланысты өз сөзінде Т. Тәңірқұлов.

«Республикада биыл болуы мүмкін барлық түйткілді мәселелерді біз анықтап қойдық. Мұның ішінде Қазақстан үшін ең қауіптісі инфляция. Сондай-ақ, жанар-жағармай нарығында кейбір түзетулер болуы мүмкін», — деп сөзін жалғастырды директор орталығы.

Қазіргі уақытта үкімет мұнай өнімдеріне деген бағаны төмендететін шаралар қабылдау үшін жұмыстар жүргізуде. Жанар-жағармай мен халықтық тұтыну тауарларының бағасы Қазақстан үшін айрықша маңызға ие. Себебі, республика халқының негізгі бөлігінің табыстары Еуропадағыдай жоғары емес», — деп сөзін қорытты Т. Тәңірқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті