Алматыға өткен жылы 250 мың шетелдік келген - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыға өткен жылы 250 мың шетелдік келген

Алматыға өткен жылы 250 мың шетелдік келген

Алматы. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматыға өткен жылы 250 мың шетел азаматы келген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы қаласының ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасының көші-қонды бақылау жөніндегі бөлім бастығы Айкелді Асановқа сілтеме жасай отырып.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Тек 2007 жылы оңтүстік астанаға 250 мыңнан астам шетелдік келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық, олардың 12 мыңнан астамы Қытай Халық Республикасының азасматтары»,- деп хабарлады А. Асанов.

Оның айтуынша, шетелдіктердің Алматыға келу мақсаттарының ең көп тарағаны түрі еңбек мақсатымен, одан кейін — туризм, және де ең аз тіркелген қонақтардың Қазақстанға келу мақсаты — жеке мақсаттар болып табылады.

«Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, шетелдіктердің төлқұжаттарында көрсетілген сапар мақсаттары көбінесе шындыққа жанаспайды, және де Алматыға іскерлік мақсатпен деген желеумен келген қонақтар рұқсат етілген мамандықсыз қызмет етуде»,- деді А.Асанов.

«Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді, сонымен қатар «шиеленісті нүктелерден» келген тұлғалар мен жедел қызығушылық танытып отырған тұрғындарды еңбекке заңсыз тарту деректерін анықтауға қатысты жұмыстарда ақпараттар алмасып, өзара ықпалдастық жасауды пәрмендендіру мақсатында кешенді іс-шараларды жүзеге асырған»,- деді полковник Асанов.

Атап айтқанда, өтекн жылдың сәуір айында қаланың құрылыс нысандарының бірінде Алматы қаласында заңды белшеден басып жүрген Қытай Халық Республикасының 63 азаматы анықталған. Олар үш күндік тұтқындаудан кейін елден аластатылған.

Көші-қон полициясы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері 26 652 шетелдікті әртүрлі заң бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартқан, олардың 2891-і алыс шетелдердің өкілдері, соның ішінде 987-і Қытай Халық Республикасының азаматтары. Алыс шетелдердің 601 азаматын ел аумағынан аластату туралы құжат рәсімделген, олардың 299-ы Қытай азаматтары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті