Шығыс Қазақстан облысында жаңа мектеп-интернаты ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында жаңа мектеп-интернаты ашылды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа мектеп-интернаты ашылды

Өскемен. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы Ақсу ауылында жаңа мектеп -интернаты ашылды. Бұл жөнінде агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 531
Фото - Caravan.kz

«Мектеп-интернат 20 орынға арналған. Мектеп ашылып ауданда 9 адам жұмыспен қамтылды», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Жаңа интернат бұрынғы орта мектептің ғимаратында орналасқан. Оқу ордасы толығымен көрнекті құралдармен қамтамасыз етілген. Онда компьютерлік және лингофондық кабинеттер, барлық тұрмыстық техникамен жабдықталған дем алу бөлмесі бар.

«Аудандық бюджеттен 3,5 млн теңге бөлінді. Жаңа білім беру мекемесін ашу арқылы, біздер шалғайда жатқан ауылдың балаларына сапалы білім бере алатын боламыз «, — деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті