Таразда ереуіл жасаған "Қазмұнайгазмонтаж" АҚ жамбылдық бөлімшесінің жұмысшылары үш айлық еңбек ақының орнына аванс алды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ереуіл жасаған "Қазмұнайгазмонтаж" АҚ жамбылдық бөлімшесінің жұмысшылары үш айлық еңбек ақының орнына аванс алды

Таразда ереуіл жасаған "Қазмұнайгазмонтаж" АҚ жамбылдық бөлімшесінің жұмысшылары үш айлық еңбек ақының орнына аванс алды

Тараз. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Таразда ереуіл жасаған "Қазмұнайгазмонтаж" АҚ жамбылдық бөлімшесінің жұмысшылары үш айлық еңбек ақының орнына 10000 мың теңге мөлшерінде аванс алды Бұл жөнінде ереуіл жасағандардан ақпарат алған агенттік тілшіміз хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 569
Фото - Caravan.kz

«Біз төрт айдан бері тапқан табысымызды ала алмай жүрміз. Ал бізге берген ақша тіпті алған несиені өтеу үшін де жетпейді», — деп хабарлады өзінің атын атамауды өтінген жұмысшылардың бірі. Ереуілге қатысқандардың сөздері бойынша, еңбек ақы уақтылы берілмеуі жиі болатын құбылыс. Сондықтан, бір — екі күнде ақша толығымен бірілмесе, олар ереуілге қайта шығатын болады.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазмұнайгазмонтаж» АҚ жамбылдық бөлімшесінің 114 жұмысы үш айдан бері өздерінің еңбек ақыларын ала алмай жүр. Жұмысшылардың 25 қаңтар айының басында ереуілге шығып, кәсіпорынның әкімшілік дәлізін қоршауға алды. Басшылар тарапынан жақын уақытта борыш толығымен өтеледі деп берілген уәдеден кейін ереуіл тоқтатылды.

Кәсіпорынның заңгері Абзал Өтебаев түсіндіргеніндей, «еңбек ақының уақтылы төленбеуіне «Қазмұнайгазмонтаж» АҚ орындалған жұмыстарына 48 млн теңгені аудармаған тапсырыс берушілер кінәлі». Оның сөздеріне қарағанда, тапсырыс берушілермен жасалған келісім-шарт бойынша, «олар 2007 жылдың 29 желтоқсанына дейін барлық ақшаны төлеуі керек. Алайда, ақша осы күнге дейін аударылмағандықтан, жұмысшылардың еңбек ақылары да берілмеді. Бұған дейін еңбек ақы уақтылы төленіп отырған», деп хабарлады кәсіпорынның заңгері Абзал Өтебаев.

«Қазмұнайгазмонтаж» Жамбыл облысында 2002 жылдан бері жұмыс істеуде. Кәсіпорын мұнай және газ магистральдері бойымен құбыр желілерін орнатумен айналысады. Жұмыс өте қиын жағдайда орындалады. Айлық еңбек ақы мөлшері 60 мың теңгені құрайды. Бұл Жамбыл облысы бойынша жоғары айлық деп саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті