Монополияға қарсы күрес комитеті мен тұтынушылардық құқығын қорғау қоғамынының пікірінше, жылу, электр қуаты мен суды пайдалануды реттейтін жаңа заң қажет -телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монополияға қарсы күрес  комитеті мен тұтынушылардық құқығын қорғау қоғамынының пікірінше, жылу, электр қуаты мен суды пайдалануды реттейтін жаңа заң қажет -телеарна

Монополияға қарсы күрес комитеті мен тұтынушылардық құқығын қорғау қоғамынының пікірінше, жылу, электр қуаты мен суды пайдалануды реттейтін жаңа заң қажет -телеарна

Алматы. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жылуды, электр қуаты мен суды үнемді пайдалануды реттейтін жаңа заң қажет. Мұндай пікірді бүгін Алматыда өткен монополияға қарсы күрес комитетінің және Алматы және Алматы облысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамның өкілдері "дөңгелек үстел" өткізу барысында білдірді, деп хабарлайды агенттік "КТК" телеарнасына сілтеме жасай отырып.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 514
Фото - Caravan.kz

Бас қосуға қатысқандардың пікірінше, «қолданыстағы заңдар монополистерге қуат көздерін үнемдеп, оны сақтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан біздің тарифтеріміз үнемі жоғарлап, бір сарынмен қайталанып отырады: «Жоғары, жоғарлату, одан да жоғарлатуды жасау», деп хабарлайды телеарна.

Монополияға қарсы қызметкерлерінің пайымдауынша, «егер бәрі ойдағыдай өтсе, онда қала қуат көздерінің 30% үнемдей алады. Бұл ақшалай 20 млрд теңгені құрайды».

«Дөңгелек үстелге» қатысқандардың айтуынша, «Жаздың өзінде кейде жылу беріліп, пәтерлерде ауа болмай, адамдар ыстықтайды. Тұрғындар терезелер мен балкондарын ашып, бөлмелерін желдетеді. Сөйтіп, үйден жылуға төленген ақшамен бірге жылу да кетіп жатады».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті