«Шахтадан 4 адамды Абай ауылындағы аудандық ауруханадан аттап біздің ауруханаға алып келді. Олардың бәрі де әл үстінде, зардап шеккендер 2,3 және 4 дәрежелі күйікке шалдығып, тері қабатының 30 — 60 % күйген», — деді А. Апраимов.
Сонымен бірге, оның айтуынша, «кеншілердің тыныс алу жолдары қатты күйіп қалған. Олардың төртеуі де тау жынысының сынығы тиіп зардап шеккен және жану өнімдерінен уланған».
Дәрігерлер зардап шеккендерді қатты қорқыныш жағдайынан шығуға жәрдем жасауда (ал кеншілердің ең жасы 22 -де) дәрігерлер бірақ оған дәл қанша уақыт кететінін нақты айта алмай отыр.
«Бізде қажетті дүниелердің бәрі, қан да, плазма да бар», -деді бас дәрігердің орынбасары.
Қазіргі жағдаймен шахтадағы жарылыстан зардап шеккендер мұнда 9 адам болды, қалған бес адам Абай ауылындағы аудандық ауруханада жатыр: екеуі жарақат бөлімінде, үшеуі — жан сақтау бөлімінде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін таңертең 9 сағат 30 минутта «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның көмір департаментінің «Абай» шахтасында 32К-10С учаскесінде метан жарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті