Қырғызстан Республикасы ТМД мен ЕурАзЭҚ саммиттерін өткізу жұмыстарына дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Республикасы ТМД мен ЕурАзЭҚ саммиттерін өткізу жұмыстарына дайындалуда

Қырғызстан Республикасы ТМД мен ЕурАзЭҚ саммиттерін өткізу жұмыстарына дайындалуда

Бішкек. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасы биылғы жылы Бішкекте өтетін ТМД мен ЕурАзЭҚ саммиттерін өткізу жұмыстарына дайындалуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 1895
Фото - Caravan.kz

«Осы мәселеге орай Қырғыз елінің сыртқы істер министерлігінде өткен ведомствоаралық жиын өткізіліп, Қырғызстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында төрағалық ету мәселесі талқыланды «, — деп хабарлады бүгін сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшыларының соңғы кездесуінде айқындалғанындай, 2008 жылы ТМД елдері арасындағы көлік-коммуникация саласын тұжырымдық дамыту жолдарын қарастыру керек. Осыған байланысты Қырғыстан Республикасы президентінің берген тапсырмасын орындау мақсатында, бірқатар кешенді шаралар да талқыланды. Сондай-ақ, Бішкекте ЕурАзЭҚ және ТМД мемлекеттерінің қатысушыларына арналған аттас конференциясының дайындық жұмыстары қарастырылды», — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті