Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов АҚШ сенатор Ричард Лугармен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін   премьер-министр  Кәрім Мәсімов АҚШ сенатор Ричард Лугармен кездесті

Бүгін премьер-министр Кәрім Мәсімов АҚШ сенатор Ричард Лугармен кездесті

Астана. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"-Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сенатор Ричард Лугармен кездесті, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 453
Фото - Caravan.kz

Олар екі жақты қазақстан-американ қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерінің халықаралық нарықтағы даму мәселесін талқылады. «Тағам өнімдеріне бағаның жоғары болуы тек Қазақстанды ғана емес, АҚШ-ты, сондай-ақ әлемнің өзге де көптеген елдерін алаңдатуда», — деп атап өтті сенатор. Р. Лугар азық-түлікпен қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты дамытуды барынша қолдайтын ниетін жеткізді.

Жалпы алғанда, сенатор қазақстан-американ стратегиялық әріптестігінің даму қарқынына жоғары баға берді және Қазақстанның жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау ісіндегі, биологиялық қауіпсіздікті қамту саласындағы ролінің маңызына тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті