Омск - Майқапшағай тасжолында бұзылып қалған автобустан 40 адам қалаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Омск - Майқапшағай тасжолында бұзылып қалған автобустан 40 адам қалаға жеткізілді

Омск - Майқапшағай тасжолында бұзылып қалған автобустан 40 адам қалаға жеткізілді

Семей. 11-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семей полицейлері Омск - Майқапшағай тасжолында бұзылып қалған автобустан 40 адамды көшіріп, қалаға жеткізген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің жол полициясы бөлімінен хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бөлімнің ақпараттарына сүйенсек, кеше 16 сағат шамасында Семейден 40 шақырым қашықта жол полициясының патрулі Мақаншы — Семей рейсі бойынша жүріп келе жатып, бұзылып қалған қалааралық автобусты кездестірген. «Автобустың ішінде 40 жолаушы болған, олардың ішінде балалар да бар»,- деп атап өтті қалалық жол полициясы бөлімінің қызметкерлері.

Полицейлердің болжамынша, автобуста дизельдік отын қатып қалған.

Бөлімнің мәліметтеріне сүйенсек, «осы уақытта ауа температурасы 30 градустан төмен болған». «Сондықтан да жолаушылар шұғыл түрде көшірілді. Полицейлер жол-жөнекей кетіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, бір-екі адамнан қалаға жіберіп отырған»,- деп түсіндірді жол полициясы бөліміндегілер.

Бөлімдегілердің айтуынша, жол полцейлері жыл басынан бері 90-ға жуық адамды құтқарған. «Бұл осы тектес үшінші оқиға. Осыған дейін біз аяз құрсауынан Қарағанды — Семей және Астана — Өскемен қалааралық автобустарды шығарып алған болатынбыз»,- деп хабарлады жол полициясы бөлімінің қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті