Түркіменстанда 12-қаңтарда Геоктепе шайқасына орай аза тұту күнін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстанда 12-қаңтарда Геоктепе шайқасына орай аза тұту күнін атап өтті

Түркіменстанда 12-қаңтарда Геоктепе шайқасына орай аза тұту күнін атап өтті

Ашхабад. 14-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сенбі, 12-қаңтар күні Түркіменстанда Геоктепе шайқасын еске алу күнін атап өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2008
  • 526
Фото - Caravan.kz

Бұл күн елде 1991 жылдан атап өтіліп келе жатыр. 127 жыл бұрын дәл осы күні генерал Михаил Скобелевтың қолбасшылығымен орыс әскері бірлескен түркімен «руларына» соққы беріп, Геоктепе қамалын шабуылмен басып алған болатын. Бұл оқиғадан кейін қалған ауылдар жылдам және айтарлықтай қарсылық көрсетпестен ақ патша (орыс императоры) билігін мойындаған еді.

Еске алу күні тәуелсіз Түркіменстанда қалыптасқан дәстүр бойынша Сапармұрат қожаның мешіті салынған тарихи шайқас орынында ұлттық батырлар құрметіне садақа берілді. Оған ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және елдің барлық уәләяттарынан делегаттар қатысты. Оған сондай-ақ, АҚШ-тан сенатор Ричард Лугардың жетекшілігімен келген делегация да қатысты.

Шаралардан кейін Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сенатор Ричард Лугарды, Түркіменстандағы АҚШ елшісі Ричард Хоуглендті және АҚШ-тың Республикалық партиясы штабының директоры Кеннет Майерсты қабылдады.

Сенатор Түркімен-АҚШ серіктестігінің белсенділігін, атап айтқанда энергетика саласындағы қарым-қатынастарды арттыруды қолдады. Түркіменстан жүргізіп отырған энергетикалық саясатты және осы саланың даму стратегиясын оң бағалай отырып, сенатор мұнай-газ саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға АҚШ компанияларының үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті